НҰР-СҰЛТАН, 1 мая — Sputnik. 11 жастағы қазақстандық Сағын Өмірбайұлы ресейлік "Голос. Дети" жобасының 9-маусымында үшінші орын алды.
Байқаудың финалына өткен Полина Гагарина командасының қатысушысы "Очи черные" әнін орындап, суперфиналға өтуге қажетті өз үштігінде ең көп дауыс жинады.
Сағын суперфиналда Филип Киркоровтың "Единственная моя" әнімен көрермен жүрегін жаулады.
Нәтижесінде, қазақстандық жас әнші байқауда үшінші орынды иеленді. "Голос. Дети" шоуында Егор Кридтің командасындағы сегіз жастағы Аделия Загребина жеңімпаз атанды.
Оған көрерменнің 40%-і дауыс берген. Екінші орынды София Олареско алды.
Сағын Өмірбайұлы Шымкентте туған, ол Қазақстандағы көптеген вокал байқауларына қатысқан.
Сағынның айтуынша, ол ән айтумен қатар сурет салумен де әуестенеді.