Ақмола облысында өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Ақмола облысының Зеренді ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты.
Өртенген үйден 37 жастағы ер адаммның мәйіті табылды, деп хабарлайдытөтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға сәуірдің 30-да болған.
Алдын ала болжам бойынша ер адам иіс тиіп, көз жұмған.
"Сонымен қатар үйден денесін орташа күйік шалған 1961 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдай тұрақты деп бағалады", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 8 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 115 шаршы метрді құрады.