НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Алматы облысында Алматы - Көкпек – Көктал тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды.
Audi 100 көлігінің жүргізушісі қалаға бара жатқан, ол жолдың 36-шы шақырымында рөлге ие бола алмай қалған. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Renault Arkana көлігімен бетпе-бет соқтығысты.
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты
© Sputnik / Стрингер
Renault Arkana жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Audi жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.
Audi ішінде жолаушылар болған, қанша адамның зардап шеккені анықталып жатыр.
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты
© Sputnik / Стрингер
Мән-жайды анықтау үшін апат орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.