НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Қазақстанның шекара қызметі басқа да мемлекеттік органдармен және Ресейдегі әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізіндегі браконьерлерге қарсы жедел іс-шаралар жүргізді.
Олар 52 катердегі 109 браконьерді ұстады. Оларға жалпы сомасы 2,6 миллион теңгеге айыппұл салынды.
"Ұзындығы 300 километрден асатын браконьерлік ау тәркіленді. 575 бекіре балығы мен 4 803 частик балық, сондай-ақ 43 итбалық табиғи ортаға жіберілді", - деп жазылған Қазақстан шекара қызметінің хабарламасында.
Жолы кесілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланды.