Петропавлда зейнеткер 700 мың теңгеден астам ақшаны алаяққа берген

Полиция қызметкерлері алаяқты ұстап, зейнеткерге алданып қалған ақшасын қайтарды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Петропавлда зейнеткер "Омикронға байланысты қаржылық қиындыққа тап болған Ресейдегі туысына" 1,5 мың еуро берген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқ телефон арқылы 75 жастағы зейнеткерді Ресей Федерациясындағы жиеніңмін деп сендіріп, қазір "Омикронға" байланысты қиындыққа тап болғанын айтқан және одан ақшалай көмек көрсетуді сұраған.
"Егде жастағы әйел еш ойланбастан көмектесуге уәде етіп, өзінің мекенжайын айтқан. Ал қаскөй ақшаны алып кетуге "досы" келетінін мәлімдеген. Ол өз қолымен 1,5 мың еуроны (700 мың теңге) алаяққа берген. Ол алаяқтың құрығына түсіп қалғанын кешке қарай түсінген", - дейді полицейлер.
Зейнеткер қылмыс ашылатынына күмәнданса да, полицияға шағымданған. Алайда шағымданғанына екі тәулік өтпей жатып жедел қызметкерлер қарияны жақсы жаңалықпен қуантқан. Тәртіп сақшылары күдікті ұсталғанын және зейнеткер келіп ақшасын алып кетуіне болатынын айтқан.
Полицияның екінші бөлімінің басшысы Руслан Сыздықовтың хабарлауынша, күдікті бұған дейін мүлікке қатысты қылмыстар үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы Қарағанды тұрғыны екені анықталды. Ол Петропавлға жеке шаруасымен келген. Күдікті қызметтік іссапар кезінде ұсталды.
Сүйінші хабарға қуанған зейнеткер полиция қызметкерлеріне арнап алғыс хат жазды. Ал полиция азаматтарды телефон арқылы сөйлесу кезінде аса мұқият болуға шақырды.
Өңірлер
Ауыл мұғалімі алаяқтарға жарты миллион теңгесін берді