$55 мың: Нұр-Сұлтанда жалған ақша жасағандарға үкім шықты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтанда жалған ақша дайындаған төрт ер адамға қатысты үкім шығып, олар бес жылға шартты түрде сотталды.
Олар жасанды долларды ақша айырбастау орындарында ауыстырып, шетелдік валютаны жеке тұлғаларға сатқан және букмекерлік кеңсе мен банктердегі есепшотты толтырып отырған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Тінту барысында сотталған азаматтардан жақсы сапада дайындалған 55 мың жасанды доллар анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының 2 аудандық соты оларды шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырды.