Биыл ҰҚШҰ елдері бірнеше бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

Соның ішінде Қазақстанда үш оқу-жаттығу өтеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) хатшылығының өкілдері "Жауынгерлік бауырластық-2022" бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуларын өткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Бірлескен оқу-жаттығуларды өткізудің негізгі идеялары, оқу-жаттығуларға қатысатын басқару органдары мен әскер құрамы, сондай-ақ шақырылған әскерилердің, бақылаушылардың, ҰҚШҰ-ға мүше емес мемлекеттер өкілдерінің және халықаралық ұйымдар бірлескен әскери іс-шараларға қатысу тәртібі қарастырылды.

"Қазақстан аумағында ҰҚШҰ (Ұжымдық күштері) түрлі компоненттегі әскерінің даярлығын біріктіретін оқу-жаттығулар өткізу жоспарланып отыр: барлау күштері мен құралдары жұмылдырылатын "Іздеу-2022", ҰҚШҰ (Ұжымдық күштері) әскерінің материалдық-техникалық жабдықтау күштері мен құралдарымен "Эшелон-2022" арнайы оқу-жаттығулары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен "Өзара іс-қимыл-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуы", - деп жазылған ҰҚШҰ бірлескен штабының сайтында.

Маневрлер Тәжікстан мен Қырғызстан аумағында да өтеді деп жоспарланып отыр. Оқу-жаттығулар әскери қызметкерлер дағдарыс аймағында қақтығыстан кейінгі реттеу міндеттерін пысықтайтын ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларымен аяқталады.