Саясат

Бір айдан кейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Елімізде бір айдан кейін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Құрылтай жаңа диалог алаңы болмақ. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғам болып жұмылуға бағытталған. Ол жалпыұлттық диалогтың әмбебап үлгісіне айналады. Құрылтай құрамына депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірдің, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастық және өндіріс саласының өкілдері кіреді", - деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ.
"Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет", - деді Тоқаев.
Қоғам
Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды