Саясат

Тоқаев Путинмен сөйлесті

Тоқаев пен Путин екі елдің үкіметтері жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуға тиіс екенін атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекеттер басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды.
Тоқаев Путинге мамыр айының ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.
Путин мен Ердоған Украина жайын телефон арқылы талқылады