Саясат

Тоқаев пен Путин Қазақстанның ЕАЭО кеден одағынан шығуын талқылаған жоқ

Бұған дейін Қазақстан президенті мен Ресей басшысы телефон арқылы сөйлескені хабарланды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстанның ЕАЭО кеден одағынан шығу мәселесін талқылаған жоқ.
Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
Екі ел лидерлері Қазақстанның ЕАЭО Кеден одағынан шығу мәселесін талқылады ма деген сұраққа "жоқ" деп жауап берді Песков .
Бұған дейін екі ел басшылары телефон арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылағаны хабарланды. Тоқаев Путинге мамыр айының ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.