Теңге нығайып жатыр

Доллар 2 теңгеге арзандады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. KASE Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 445,62 теңге болды.
Саудаға қатысушылар жалпы сомасы 96,1 миллион долларға 252 мәміле жасады. Осылайша ұлттық валюта 2 теңгеге нығайды.
Бір күн бұрын доллардың орташа бағамы 447,67 теңге деңгейінде тұрақтаған еді.
Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері долларды орта есеппен 442-447 теңгеден сатып алып, 447-451 теңгеден сатып жатыр.
Рубльдің орташа сараланған бағамы 6,23 теңге болды. Саудаға қатысушылар жалпы сомасы 788 миллион рубльге 35 мәміле жасады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда айтарлықтай аз. Ол кезде теңге-рубль жұбындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 4 миллиард рубльден асты.