Өңірлер

Теміртауда ер адам балаларды тонаған

Күдіктінің үш ұрлыққа қатысы бар екені анықталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Теміртауда спорт орталығында балалардың заттарын ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
19 сәуірде Қарағанды облысы Теміртаудағы шығыс полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Әйелдің айтуынша, оның 14 жасар егіз ұлы сауықтыру мекемелерінің біріне барып жүрген. Киім ауыстыратын бөлмеде 50 мың теңгенің заттары мен спорт құрал-жабдықтары жоғалған.
22 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Ол ұрлық жасағанын мойындаған, заттай айғақтар тәркіленді. Оның үш ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады, олардың барлығы сауықтыру орталығында жасалған.
6 сәуірде күдікті киім ауыстыратын бөлмеден 1-сынып оқушысының құны 129 мың теңге болатын ұялы телефонын қолды еткен. Бұл уақытта қыз бассейнде жаттығуда болған. Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өңірлер
Еден жуушы әйел бақылау камерасын шүберекпен жауып, ірі көлемде ақша ұрлады