НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар Украинадағы қазіргі жағдайды және Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздер перспективасын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.