НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан полицейлері дүкен тауарын ұрлаған адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияға "Диона" дүкендер желісінің әкімшілігі белгісіз адамның үй тауарларын ұрлағанын хабарлады.
Елордалық полицейлер бұрын сотты болған 28 жастағы ер адамды ұстады.
Қаскүнемнің кешкі сағат 20.15 шамасында Республика даңғылы бойындағы дүкенге сатып алушы кейпінде кіргені анықталды.
Сатушының жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін ол тауарларды күртешесінің астына жасырып ұрлай бастаған. Ұрлық сәті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған. Дүкен иесіне келтірілген шығын сомасы шамамен 50 мың теңгені құрайды.