НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 447,67 теңгені құрады.
Сауда қатысушылары жалпы сомасы 110,59 миллион доллар болатын 337 мәміле жасады. Осылайша ұлттық валюта 1,43 теңгеге нығайды.
Бір күн бұрын доллардың орташа бағамы 449,1 теңге деңгейінде болды.
Kurs.kz порталының мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 447-449 теңгеге сатып алып, 451-452 теңгеге сатып жатыр.
Рубльдің орташа бағамы 6,23 теңгені құрады. Саудаға қатысушылар теңге-рубль жұбы бойынша 4 миллиард рубльге 46 мәміле жасады.