НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Рудный қаласында дүкеннің жанындағы тозығы жеткен баспалдақтан сүрініп құлаған 73 жастағы ер адам көз жұмды.
@iagorodkz паблигінің хабарлауынша, қария желкесінен қатты соққы алып, ауруханада көз жұмды.
Қайғылы оқиға 18 сәуірде болған. Ер адам құлағаннан кейін сол жерден өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем шақырған, бірақ зардап шегуші 24 сәуірде есін жиған соң ауруханада көз жұмды. Оған травматикалық қан құйылу диагнозы қойылды.
"Айгүл" дүкеніне апаратын тозығы жеткен баспалдақтағы бетоннан арматура шығып тұрған. Онда қазір Рудный қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы орналасқан.