НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. Қостанайда Antares Limited қаржы пирамидасы анықталды.
Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға егер компанияға 100 доллардан және одан да көп қаражат салса, инвестициялардың 0,5-2% мөлшерінде күнделікті кепілдендірілген пайда табуға уәде берген.
"Қазіргі уақытта айыпталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сот күдіктілерге үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Қызмет тұрғындарды өте сақ болуға және қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Қаржы пирамидаларының негізгі мақсаты – өз капиталын жылдам көбейтуді ұсына отырып, сенгіз азаматтар есебінен пайда табу.