Өңірлер

Петропавл әуежайы тағы сауда-саттыққа шығарылды - бағасы екі есе төмендеді

Бір ай бұрын әуежайды 5,6 миллиард теңгеге сатуға тырысты, бірақ оны сатып алғысы келетіндер табылмады
Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 27 сәуір — Sputnik. Петропавл халықаралық әуежайы қайтадан сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бір ай бұрын әуежайды 5,6 миллиард теңгеге сатуға тырысты, бірақ оны сатып алғысы келетіндер табылмады.
Енді аукционда әуежайдың бастапқы бағасы екі есе төмендеп, шамамен 2,8 миллиард теңге болды. Сауда-саттық туралы хабарландыру электрондық сауда алаңында шықты. Сауда-саттық 12 мамырға жоспарланған, жалғыз қатысушыға да сатылады.
Тендер шартына сәйкес инвестор сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап 10 жыл бойы әуежай қызметін сақтауға тиіс. Нысанды тек мақсаты бойынша пайдалануы, жоюға жол бермей, әуе айлағының жарамдылық сертификатын және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сертификаттау талаптарын қамтамасыз етуі шарт.
Сонымен қатар, жаңа иесі кіріс есебінен ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек. Шартта 10 жыл ішінде 1,5 миллиард теңге сомасындағы инвестиция салынуы керек екені жазылған. Әр жылдың басына аудиторлық есепті ұсынылады.

Әуежай мәселесі

Петропавл халықаралық әуежайы 1974 жылдан бастап жұмыс істейді.
2016 жылы әуежайда республикалық бюджет есебінен жолаушылар кешені мен ұшу-қону жолағының алғашқы ауқымды жөндеуі жұмысы жүргізілді. Әуежай заманауи авиалайнерлерді шектеусіз қабылдай алды.
2019 жылы Петропавлдан Шарм-Эль-Шейхке тікелей әуе рейсі іске қосылды. Алайда бұл бір жазда ғана мүмкін болды.
2020 жылдың қазан айында әуежай қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа жүгінді. Олар жалақысын ала алмаған. Содан кейін Петропавл әуежайы банкроттыққа дайындалып жатқаны белгілі болды. Нысанды облыстық әкімдіктің бөлімшесі – "Солтүстік" балансына коммуналдық меншікке беру рәсімі басталды.