Алматы облысында 9 жасар баланы бұралқы ит талап тастады

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 27 сәуір – Sputnik. Алматы маңында бұралқы ит тоғыз жасар баланы талап тастады. Бала ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Оқиға Жамбыл ауданындағы Ақсеңгір ауылында 22 сәуірде болған. Жергілікті дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін баланы Алматыдағы №1 ауруханаға жіберді.
"Жарақаттанған балаға соғылған және айналасы жырымдалған жарақат алған деген диагноз қойылды. Ол хирургия бөлімінде жатыр. Хаттама бойынша емделуде. Мұндай жағдайда зардап шегуші міндетті түрде егіледі. Қазір оның жағдайы орташа ауыр. Жағдайының ауырлығын ескерсек, бала тағы бірнеше күн ауруханада болады", - деді Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.
Жамбыл ауданының әкімдігі ит ұсталып, ветеринарлық станция қызметкерлеріне тапсырылғанын атап өтті. Бала көпбалалы отбасынан шыққаны анықталды, оған жергілікті билік тарапынан қажетті материалдық көмек көрсетіледі.
"Биыл бұл елді мекенде қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілген. Жалпы аудан бойынша 469 бас жануар ауланған болса, оның 30-ы Ақсеңгірде ауланған", - деді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.
Биыл Жамбыл ауданында ит аулауға 5 миллион 700 мың теңге бөлінген.
Еске салайық, 2022 жылдың сәуір айының басында Қарағанды ​​облысының Ақтоғай ауылында ит бес және үш жастағы екі ағайынды баланы талап кетіп, кішісі көз жұмған еді.
Өңірлер
Қарағанды облысында аулада ойнап жүрген балаларды ит талады: біреуі көз жұмды