Приднестровьеде ауқымды әскери қақтығыс қаупі туындады

Sputnik
Приднестровьеде тоқырап қалған қақтығыс НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюіне кедергі болып отыр. АҚШ Украинадағы әскери қақтығысты Молдованы азаматтық соғыс және альянстың "бітімгершілік операциясының" аймағына айналдыруға таптырмас мүмкіндік ретінде қарастырып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Киев режимі Вашингтон нұсқауымен Тираспольге әскер бағыттауға дайын отыр. Украин шекарасынан екі километр қашықтықтағы Колбасна аулының оңтүстік шет аймағындағы Еуропаның ең ірі арсеналы Украина Қарулы күштері үшін нағыз олжаға айналады. Бұған 3000 ресейлік бітімгер, Приднестровье Молдован Республикасының 7000 әскери қызметкері және Днестрдің сол жағалауындағы 400 мыңнан астам Ресей Федерациясының азаматы кедергі болып отыр. Мәскеу осыған қатысты Украинаның іс-әрекетін жіті бақылап, "екінші майдан шебі" туындау қаупі пайда болса, Молдовада жедел әрекет ету күшін сақадай-сай дайындықта ұстап отыр.
26 сәуірде Триаспольде болған бірнеше жарылыс, Приднестровье астанасының аумағындағы аэродромдарға шабуыл және Колбасна аулындағы атыстан кейін 15 күнге террористік қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды. Өңірде бөгет бекеттері мен фортификациялық күшейтулер пайда болды. Күш құрылымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 9 мамырға жоспарланған әскери шеруді өткізбеу туралы шешім қабылданды. Приднестровьедегі білім беру мекемелері оқу жылының соңына дейін қашықтан оқу режиміне ауысты.
Екі тәулік қорытындысы бойынша сыртқы күштердің террористік әрекетінен көз жұмғандар жоқ. Приднестровье Молдован Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің ғимаратына, әскери бөлім мен аэродром аумағындағы нысандарға зақым келтіріліп, "Маяк" радио орталығының байланыс антенналары үзілді. Молдова президенті Майя Санду шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесін өткізді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Приденстровьедегі жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтты.
Путин мен Ердоған Украина жайын телефон арқылы талқылады
"Диверсиялық-барлау топтарының әрекеті, Приднестровье Молдован Республикасының аумағында НАТО стандартындағы қару-жарақпен, гранатометпен оқ ату 25 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Пентагон басшысы Ллойд Остиннің Киевке сапарынан кейін басталды. Мұны сәйкестік деу тым қиын", - деп жазды Хроленко.
Вашингтон ұзақ уақыттан бері Молдовадағы "ресейлік агрессияны" тоқтатуды талап етіп келеді. Сарапшының пікірінше, америкалықтар ресейлік бітімгерлердің қатысуымен жаңа қақтығыс нүктесін құрып, Молдованы Румыния мен НАТО-ға кіріктіруді, Колбасна арсеналындағы кеңестік өндіріске жататын оқ-дәрі әне әскери техникамен Киев режиміне көмектесуді көздеп отыр.
Ашық агрессия басталған жағдайда Приднестровьеде іс-қимылға көшетін 3 000 ресейлік әскери қызметкер, Приднестровье Молдован Республикасының 7 500 сарбаздан тұратын қарулы күштері және мобилизациялауға жататын 100 мыңға жуық әскери міндеттелген азамат бар.
Ауыр әскери техника мен оқ-дәрі көлемі қоршалған өңірде ондаған жыл бойы соғыс жүргізуге жетерлік. Қатарда 100-ден астам танк, 200 броньдалған тасымалдаушы және жаяу әскердің соғыс машинасы, мыңдаған автокөлік, "Град" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, тікұшақтар жасағы бар. Бұл қуатты әскери құрылымды Украина Қарулы күштерінің екі шекара бригадасы, Молдова Қарулы күштері және Румыния, Польша мен АҚШ-тағы НАТО бөлімшелері талқандауы екіталай.
Әскери техника мен оқ-дәрі арсеналы 21 мың тонна немесе 3,5 миллард долларға бағаланып отыр. Мұндай қойманың детонациясы 1945 жылы Хиросима мен Нагасакидегі ядролық шабуылмен теңесе алады және Молдова, Румыния, Украинадағы елді мекендерді жер бетінен жойып жіберуге қауқарлы. Сондықтан Колбасна аулына жақын орналасқан арсееналды күзетумен жақсы жабдықталған және дайындықтан өткен ресейлік жәдел әскери топ айналысып жатыр.
"Әйтсе де, америкалықтар Ресейдің әскери әлеуетін мейлінше әлсіретуді көздеп отыр. Бұл туралы Германияның "Рамштайн" авиабазасында АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин мәлімдеді. Олардың ойынша, майдан шебі неғұрлым көп болса, Ресей Қарулы күштері соғұрлым көп күш жұмсауына тура келеді. Америкалықтар мониторинг үшін Румынияға радиоэлектронды барлаудың екі ұшағын - RQ-4B Global Hawk пен RC-135W Rivet Joint жеткізді.
26 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский Украина Қарулы күштері "сепаратистік Приднестровье молдован мемлекетіндегі" әскери іс-қимылға дайын екенін хабарлады. Харьков облысындағы негізгі арсеналдан айырылған соң, украин Бас штабына "Оңтүстік майданды" қамтаасыз ету үшін "кеңестік" оқ-дәрінің тұрақты көзін табу маңызды болып отыр.
Украина әскери ведомствосы басшысының кеңесшісі Юрий Бутусов Киевтің Приднестровьені "демилитаризациялауға" құқығы бар деп санайды. Өйткені Ресей әскерінің жедел тобы Украинаға сес көрсетіп тұр. Ал Украина-Молдова шекарасындағы екі украин бригадасы "Шығыс майданында" көбірек қажет. Бұған дейін Украина президенті кеңсесінің өкілі Алексей Арестович былай деді: "Егер Молдова Украинаға өтініш білдірсе, біз Приднестровьені бақылауға ала аламыз. Бұл үшін Украина Қарулы күштерінің қуаты жеткілікті.
Румыния ресейлік әскердің Приднестровье Молдован Республикасының шекарасына қарай Одесса облысы арқылы өтуі Бухарест пен Приднестровье және бүтіндей Молдованың ықпал ету аясынан шығуына алып кле ме деп секемденіп отыр. Осылайша батыс және шығыстағы "серіктестер" Молдованы ауқысды әскеери қақтығысқа итермелеп жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.