РФ Федералды қауіпсіздік қызметі Белгород облысындағы көлік инфрақұрылымында диверсия дайындау кезінде 2 ресейлік азамат ұсталғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандар өз қылмысын мойындаған.
Ресейдің арнайы қызметі хабарлағандай, олар "Миротворец" сайтына Украинадағы арнайы операцияға қатысып жатқан ресейлік әскерилер туралы мәлімет жолдап отырған.