Әскери полицейлер Харьков облысындағы жас отбасыға Ресейге қоныс аударуға көмектесті

Sputnik
Жас отбасы тұратын тұрғын үй ауданында Украина Қарулы күштері жиі артиллериялық оқ атқан. Бұдан әрі өміріне қауіп төндірмес үшін отағасы ресейлік әскерилерден көмек сұрапты.
"Үлкен рақмет! Төлқұжатты қайтарып, аман қалуымызға көмектесті. Қалыпты өмір сүру үшін Ресейге жетуге де көмектесті. Ресейде қаламын және осы жақта жұмыс істеймін деген шешім қабылдадым. Мұнда балабақша, мектеп, үйірме, жұмыс та бар. Осы елде қаламын деген жоспар бар. Ол аласапыранға қайта оралғым келмейді", - деді отағасы Тарас.