Қоғам

Әлия Назарбаеваның экологиялық қауымдастықтағы қызметінен кеткені белгілі болды

Ақпаратты қауымдастықтың атқарушы директоры Илья Сухоносенко растады
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы ретіндегі өкілеттігі өз қалауы бойынша тоқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақпаратты қауымдастықтың атқарушы директоры Илья Сухоносенко растады.
"Өз еркімен өкілетін тоқтатты. 2022 жылдың 4 ақпанынан бастап Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы қызметін атқармайды", - деді Сухоносенко Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Айта кетері, Қазақстанның экологтарын біріктіретін экологиялық ұйымдар қауымдастығы 2017 жылы құрылды.
Оған құрылған сәттен бастап Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева жетекшілік етті.
Ұйым қоршаған ортаны қорғау бойынша бастамаларға қолдау көрсетіп, халықаралық байланыстарды арттыру мақсатында құрылған.