Әлем

Ресейде балабақшада оқ атылды – үш адам көз жұмды

Күдікті алдымен тәрбиешіге оқ атқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Ресейдің Ульянов облысындағы балабақшада белгісіз ер адам оқ атты. Үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға орнында тәрбиеші және екі бала көз жұмды. Бұдан бөлек, тағы бір әйел жарақат алды. Ол – бұрынғы губернатор.
112 Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес, бұл оқиға Вешкайма кентінде болған. Белгісіз ер адам балабақшаға бәрі ұйықтап жатқанда кірген. Қолында Иж-27 мылтығы болған. Оның не себепті оқ атқаны белгісіз.
Ол алдымен тәрбиешіге оқ атқан. Одан кейін екінші әйелді атты. Артынан балалар жатқан бөлмеге барып, 5 жасар ұл мен 6 жасар қызды өлтірген.
Балабақшада күзет қызметі болмаған. Дабыл батырмасы ғана орнатылған.
Оқиға
Полиция Алматыда балабақшада түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді