Саясат

Президент конституциялық түзетулердің тиімділігін түсіндірді

Бүгінде еліміздегі барлық саланы түбегейлі монополиясыздандыру аса маңызды, деді Тоқаев
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің айтуынша, арнайы жұмыс тобы қысқа уақыт ішінде көп іс тындырды. Заңгер ғалымдар Ата заңның үштен бір бөлігіне енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірледі.
"Осылайша, біз өте жауапты әрі айрықша маңызды кезеңге қадам бастық. Шын мәнінде, конституциялық реформа -Тәуелсіздік тарихындағы жаңа белес. Бұның бәрі уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отыр. Біз Жаңа Қазақстанды құру үшін батыл өзгерістер жасауымыз керек. Бұл үдерісті әркім өзінен бастауы қажет", - деді Тоқаев Amanat партиясының кезектен тыс съезінде.
Президенттің айтуынша, Жаңа Қазақстан туралы көп айта бермей, нақты іспен іске асыру керек. Әрбір қазақстандық нақты әрекетімен көрсетуі керек.
"Алдымызда ауқымды міндеттер бар. Бүгінде еліміздегі барлық саланы түбегейлі монополиясыздандыру аса маңызды. Осы үдерістен саяси жүйе де сырт қалмауы керек деп ойлаймын", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Саясат
Тоқаев Amanat партиясынан шықты