НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Биыл 6 мамырдан бастап Қазақстан аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салынады. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұйрыққа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қол қойды. Құжат 6 мамырда күшіне енеді.
Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгенге дейін Қазақстан мен ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар ел аумағынан кедергісіз шығарылады.