НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы көтерілді.
Күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,09 теңгеге көтеріліп, 453,53 теңге болды.
Айта кетері, Ұлттық банк 26 сәуірдегі доллардың ресми бағамын 448,26 теңге деп белгілеген болатын.
Kurs.kz порталының мәліметінше, дәл қазір Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 453 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда долларды орташа сатып алу – 452 теңге, сату – 455 теңге.