Өңірлер

Ақтөбеге бет алған жүк көлігінен 18 тонна балық табылды – видео

Ер адамның тиісті рұқсат құжаттары жоқ болып шықты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қарағандылық полицейлер Ақтөбе тұрғынының жүк көлігінен 18 тоннадан астам балық тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Екатеринбург-Алматы тас жолында Қарағанды қаласына кіреберісте 28 жастағы ақтөбелік басқарған жүк көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан шашылған балық табылды: 17 тонна сазан және 1 тонна 200 келі беріш.
Жүргізушінің айтуынша, ол балықтарды Балқаштағы жеке кәсіпорындардың бірінен тиеп, Ақтөбе қаласына апара жатқан. Бірақ ер адамның тиісті рұқсат құжаттары жоқ болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.