Фото

Табиғат құлпыратын кез: әлемдегі гүл көмкерген ерекше жерлер – фото

Сәуірде әлемнің қай аймақтарын "гүл басатынын" білгіңіз келсе, суреттер топтамасын тамашалаңыз!
Sputnik
Гүлдеген сакура, жайқалған магнолия ағашы, қоңыраугүлдер жапқан көк түсті орманды алқап, алып әрі сүйкімді мимоза, жауқазын плантациясы – биылғы көктем сұлулығын қай жақтан тамашалауға болады? Суреттер топтамасын қараңыз.
1 / 12

Австрияның Зальцбург қаласында жақында ғана қар жауып, ауа температурасы төмен болғанына қарамастан, Макартплац алаңындағы Святая Троица католик шіркеуінің айналасында магнолия гүлдеп тұр.

2 / 12

Брюссельден оңтүстікке қарай туристер жиі келетін Халлербос орманында көк қоңыраугүлдер жер бетін ерекше түске бояп тұр. Бельгия.

3 / 12

Тайбэйдегі Янминшань ұлттық саябағындағы Чжузиху ауданында фермер лалагүлдерді жинап жатыр.

4 / 12

Сочидегі гүл ашқан мимоза ағаштары.

5 / 12

Сринагардағы бұрын Сирадж Баг ретінде танымал болған Индира Ганди мемориалды бағында қатар түзеп егілген жауқазындар гүлдеді, Кашмир.

6 / 12

Ер адам Бейжіңдегі гүлдеген ағаш арасымен қоғамдық саябақта кетіп барады.

7 / 12

Филадельфиядағы Фэрмаунт саябағында ер адам гүлдеген сакура ағаштарының ортасында ән тыңдап тұр.

8 / 12

Әйел адам Сеулдегі гүл ашқан шие ағаштарының жанында суретке түсіп тұр.

9 / 12

Адамдар Нидерландының Лиссе қаласындағы бүкіл әлемге танымал Кекенхоф саябағындағы гүлдерді тамашалап жүр.

10 / 12

Бейжіңдегі Цинмин мемлекеттік мерекесі кезінде ұлттық үлгіде киім киген әйел адам гүлдердің жанында суретке түсіп тұр, Қытай.

11 / 12

Адамдар Будапешттегі Қорған белесіндегі гүл ашқан жапон шиесін суретке түсіріп жатыр.

12 / 12

Адамдар Германияның Гамбург саябағында Пасха мерекесі кезінде гүлдеген шие ағаштарының аясында шуақты күннен қуат алып жүр.