Өңірлер

Шымкентте "7-20-25" бағдарламасы бойынша заңсыз байқау өткені анықталды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кредиттік баспана саудасына қатысты оқиғаны жеке бақылауына алды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір — Sputnik. Шымкентте кредиттік баспананы заңсыз сату фактісі анықталды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Шымкентте кредиттік баспананы сатумен байланысты жағдайды жеке бақылауына алды.
Министр кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселені қарастыруды тапсырды. Бұл іспен құзырлы органдар айналысады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның ресми жауабын жариялады.
"Осы факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізілді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің заңсыз конкурс өткізу фактісі анықталды. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шымкент қаласының әкімдігіне "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатқан кредиттік баспананы сату механизмдері түсіндірілген хат жолдады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аталған бағдарлама талаптары бойынша, салынған кредиттік баспана "Отбасы банк" арқылы кезең-кезеңімен кезекте тұрғандар және салымшылар арасында сатылады. Осыған байланысты баспана саудасы үшін әкімдік аталған банкпен арада тиісті келісім жасауы керек.
"Министрлік әкімдік заң аясында шешімін қайта қарауды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның іс-әрекетін қолданыстағы тұрғын үй бағдарламасының талаптарына сәйкестендіуді ұсынды", - деді министрлікте.