АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Конвенция бірнеше елдің екі немесе одан да көп компаниялары арасындағы халықаралық коммерциялық дауға ғана қолданылады.
Конвенцияның мәртебесі елдердің заңдары мен кодекстерінен жоғары. Конвенцияны ратификациялау соттан тыс медиацияны жетілдіруге көмектеседі.
Ол халықаралық саудаға көмектесудің маңызды құралы болуға бағытталған және коммерциялық тараптардың халықаралық мәмілесін жүзеге асыруына ықпал етеді.