Қоғам

Бюджет қаржысын жымқырған екі қазақстандыққа іздеу жарияланды

Күдіктілер жайлы шынайы ақпарат берген адамға ақшалай сыйақы төленеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі 1,1 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен екі азаматқа іздеу жариялады.
"Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер А.Б. Жексенғалиев пен Қазақстан азаматы Е.К.Медетбековке іздеу жариялайды. Олар 1,1 млрд теңге бюджет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл алдын ала келісу арқылы бір топ адаммен аса ірі мөлшерде ақша ұрлау", - делінген ведомство хабарламасында.
Әнуарбек Жексенғалиев
Екеуіне қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Еркін Медетбеков
Іздестіріліп жатқан адамдар жайлы қандай да бір ақпарат белгілі болса, агенттіктің сенім телефонына – +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 хабарласуға немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайына баруға болады.
Күдіктінің тұратын жері туралы шынайы ақпарат берген адамға ақшалай сыйақы көзделген. Хабар берген адамның аты-жөні жария етілмейді.
Қоғам
Алматы полициясы танымал вайнерге іздеу жариялады