Экономика

Бішкекте 27 мамырда ЕАЭО саммиті өтеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысуды жоспарлап отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қырғызстанда 27 мамырда өтетін саммитке ЕАЭО-ға мүше барлық елдің басшылары қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мәлімдеді.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 мамырда Қырғызстанға сапар жасайды. Дәл сол күні түстен кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келеді. 27 мамырда ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің президенттері келеді", - деді ол мемлекеттік "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында.
Айта кетері, Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді. 2022 жылы одаққа Қырғызстан төрағалық етеді.