25 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.00 - Мәжілісте үкімет сағаты. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров "Ауыл - ел бесігі" жобасын іске асыру туралы баяндама жасайды. Отырысты онлайн да көруге болады: www.parlam.kz және www.Youtube.com.
11.00 - Орталық коммуникациялар қызметінде "азаматтардың кейбір санатының тұрғын үй мәселесін шешу" тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Алмаз Серікболұлы Ыдырысов; "Отбасы банк" АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова; "Отбасы банк" АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай. Трансляцияны мына жерден көруге болады.
11:00 - "Браконьерлікпен күрес шаралары туралы" онлайн брифинг өтеді. Спикер: Жармағамбетов Әлішер Исматұлы – ІІМ Әкімшілік полиция комитеті профилактикалық қызмет басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы. Сауалдарды 22 сәуір 18:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды мекенжайына немесе 8 705 440 83 65 WhatsApp нөміріне жолдауға болады.
12.30 - "Орталық коммуникациялар қызметінде "Екінші республика. ҚР Конституциясына негізгі өзгерістер мен толықтырулар" тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы Нұрмұханов Бақыт Маратұлы; жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Әубәкірова Индира Оралқызы; жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Абдрасулов Ермек Баяхметұлы. Трансляцияны мына жерден көруге болады.
14.30 - Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында "#большечем30: правда и вымысел" атты дөңгелек үстел өтеді. Іс - шара Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына арналған "#большечем30" халықаралық тарихи-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді Нұр-Сұлтандағы Русский дом, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Sputnik Қазақстан Халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырды. Екі елдің белгілі ғалым-тарихшылары, сарапшылар ресей-қазақстан ынтымақтастығы тарихындағы маңызды кезеңдер мен оқиғаларды, стратегиялық одақтастықтың қалыптасуына ықпал ететін процестерді, сондай-ақ екіжақты әріптестіктің алдағы перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ, "Несломленный народ: от общей победы к общей исторической памяти" кітабының тұсаукесері өтеді. Толығырақ сілтеме бойынша.
15.00 - Сенатта Мемлекет басшысының "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауын іске асыру аясында "Қазақстан Республикасының өңірлерін газдандыру: қазіргі жағдайы, проблемалары және оларды шешу жолдары"тақырыбында үкімет сағаты өтеді. Үкімет сағатына қатысуға Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Қаржы, экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және "QazaqGaz"ұлттық компаниясының басшылығы шақырылды. Сайтта онлайн режимінде де көруге болады - senate.parlam.kz.
4 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11.00 - Қазақ ұлттық өнер университетінде "Орнамент" ансамблінің солистері (Санкт-Петербург) ҚазҰӨУ студенттері үшін шеберлік сағатын өткізеді (Тәуелсіздік даңғылы, 50)
18.30 - Рухани-мәдени орталықтың концерт залында Кирилл мен Мефодий фестивальдің салтанатты ашылуы өтеді. Оған Қазақстан мен Ресейдің танымал орындаушылары мен музыкалық ұжымдары қатысады (Күйші Дина көшесі, 27/1)
5 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
19: 00 - Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында "Орнамент" солистер ансамблінің "Станичники" хорының концерті өтеді (Жеңіс даңғылы, 33)