Алматыда бірнеше көлік соқтығысты: үш адам зардап шекті

Үшеуі де түрлі жарақтапен ауруханаға жеткізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Өткен түні Алматыда жол апаты болып, үш адам зардап шекті.
BMW көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол Рысқұлов көшесінің бойымен шығыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Көлік Шемякин көшесінен өткеннен кейін мешіттің жанындағы көлік тұрағынан Mitsubishi gallant шыға келді.
Алматы, жол апаты
BMW тоқтап үлгермей Mitsubishi gallant көлігімен соқтығысты. Қатты соққыдан көліктер тұрақта тұрған Lexus-ке соғылды.
Алматы, жол апаты
Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті: BMW жүргізушісі, Mitsubishi galant жүргізушісі мен Lexus көлігінің жолаушысы.
Үшеуі де түрлі жарақтапен ауруханаға жеткізілді.
Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.