Өңірлер

Атырауда алып балықтан 35 келі уылдырық алынды - оны неге ешкім жемейді

200 келі белугадан алынған уылдырық жасанды түрде ұрықтандырылып, арнайы инкубаторға орналастырылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 сәуір — Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қызметкерлері Атырауда ауланған алып қортпа балық туралы айтып берді. Одан алынған 35 келіге жуық уылдырық сирек кездесетін балық тұқымдарын өсіру үшін қолданылады.
Уылдырықты іріктеу процедуралары алып балыққа ешқандай жарақат пен зақым келтірген жоқ. Өйткені тәжірибе бірнеше жылдар бойы жүргізілген. Енді уылдырық балықтарды жасанды өсіру үшін қолданылады.
"Ұрықтандырылған уылдырықтар инкубация аппаратына салынды. Кейін олар бассейндерде өсіріліп, тоған суға жіберіледі. Шілде-тамыз айларында өсірілген жас балық табиғи ортаға шығарылады", - дейді Балық шаруашылығы комитетінің өкілі "Мой город" порталына.
Аналық балықтың жағдайы қанағаттанарлық. Оны аналық табын қалыптастыру үшін қолдануға тырысады. Егер жоспар жүзеге аспаса, балық Каспий теңізіне жіберіледі.