НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Біз Қазақстан президентін осы жылдың маусым айында өтетін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында күтеміз, сондай-ақ биыл Орынборда Ресей мен Қазақстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді", - деді Лавров Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздерден кейін.
Лавров қазан айында Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толатынын атап өтті.
"Осы кезеңде Ресей мен Қазақстан екіжақты байланыстарды одақтастық, стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерді. Дәстүрлі тату көршілік және өзара көмек байланыстары бүгінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, әскери және әскери-техникалық салалардағы артықшылық берілген ынтымақтастықпен толықтырылып жатыр", - деді министр.