Әлем

Ресей жаңа баллистикалық зымыранның сынағын аяқтады

Sputnik
Жаңа "Сармат" континентаралық баллистикалық зымыранының сәтті мемлекеттік сынағы Ресейдің халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін паш етіп тұр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
20 сәуірде Плесецк ғарыш айлағынан жаңа ауыр "Сармат" КБЗ сәтті ұшырылды. Бұл зымыран ұшу нүктесінен 5700 километр қашықтықта орналасқан Камчатканың Кура полигонына оқу-жаттығу блоктарын жеткізді. Ұшудың барлық кезеңінде есептелген сипаттамалар бекітілді. Жаңа зымыранның мемлекеттік сынақтары күзге дейін аяқталады, содан кейін стратегиялық мақсаттағы зымыран әскеріне арналған сериялық жеткізілулер басталады.
"Сармат" КБЗ бар алғашқы полк 2022 жылдың соңында Красноярск зымыран құрамасында әскери кезекшілікке түсуге дайындалып жатыр. Қашықтығы 18 000 шақырымға жететін "Сармат" қуатты зымыраны "Воевода" континентаралық баллистикалық зымыранының лайықты баламасына айналады.
Ол Солтүстік және Оңтүстік полюс арқылы қарсыласқа жете алады. Салмағы 10 тонна болатын пайдалы жүкті алып жүруге қабілетті, бұл әрқайсысы тротил эквивалентінде қуаты 800 килотонна болатын өздігінен бағытталатын әскери блоктар. Шамамен 700 мың шаршы метр аумақтағы қарсыластың адам күші мен әскери техникасын қирату үшін бір зымыран жеткілікті. Бұл Техас штаты, Францияның жартысы немесе үш Ұлыбританиямен бірдей территория болады.
Континентаралық баллистикалық зымыранның әскери жабдықтау диапазоны блок түрі мен саны бойынша айтарлықтай кеңейтілді. "Сармат" зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің кез келгенін айналып өтуге, ғаламшардың кез келген аумағындағы нысананы кепілдендірілген түрде жоюға қауқарлы. Ол Ресейдің стратегиялық ядролық күштеріндегі қуатты еселей түседі. Ресей президенті Владимир Путин әлемде ұзақ уақыт бойы "Сарматтың" баламасы болмайтынын айтып, "Ресейге қарсы агрессия көрсетуге тырысқан тараптардың ақылға келуіне себепші болатынын" атап өтті.
Осы континентаралық баллистикалық зымыран "серіктестерді" көпполярлы әлемнің технологиялық және геосаяси шынайылығында кейіндеп қалғанына көз жеткізеді. Американың әлдеқайда жеңіл және ең ескі (50 жылдан астам уақыт қолданыста) Minuteman III континентаралық баллистикалық зымыранының қашықтығы 10 мың километрге жуықтайды және тіпті модернизациялаудан кейін де 30 жыл пайдаланылған ресейлік "Воеводаның" деңгейіне жете алмай тұр. Minuteman III КБЗ жердегі арсеналын ауыстыру 264 миллиард долларға бағаланып отыр және Пентагон үшін бұл басымды мақсат емес.

"АҚШ-тың Ground Based Strategic Deterrent стратегиялық жобасы әзірлеу кезеңінде тұр. Америка гипердыбысты техника проблемасының шешімін таба алмай отыр. Ал оның ядролық одақттастары – Ұлыбритания мен Франция – жердегі стратегиялық зыммырандардан толығымен бас тартып, суасты қайықтарындағы континентаралық баллистикалық зымырандарға басымдық беріп отыр", - деп жазды әскери сарапшы.

"Сарматты" америкалық "Минитменмен" тең қарастыру жөнсіз. Сондықтан "Сармат" пен "Воеводаны" салыстыру қажет. Ресейлік "ардагер" "Воевода" 16 мың километр қашықтыққа салмағы 8 тоннадан асатын оқтұмсық бөлігін жеткізе алады. Ал "Сарматтың" қозғалтқышы жаңа, шахта мен мобильді модификациядан өткендіктен, ол 2 000 шақырымға ұзағырақ ұшып, екі тоннаға көп жүк алып жүре алады. Оның гипердыбысты жоспарлаушы блоктары зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін еңсеруге кепілдік береді.
"Сармат" ресейлік өндіріске жататын компоненттерден дайындалған. "Воевода" мен "Сармат" жауынгерлік жүктеме бойынша бір-біріне ұқсас. Алайда ашық дереккөздерде траекторияның үдеткіш бөлігін еңсеру және Aegis, THAA және басқа жүйелерді айналып өту мүмкіндігі туралы ақпарат жоқ. Әйткенмен "Сарматтың" қорғаныс жүйесі жоғары деңгейде жетілдірілгеніне күмән жоқ. "Воеводаның" нысанадан ықтимал ауытқуы 500 метрді құрайды, ал су жаңа континентаралық баллистикалық зымыран дәлдігі бойынша бұдан кем түсе алмайды.
Ресейдің "Бал" зымыран кешені теңіз жағалауын сенімді қорғап тұр
"Сарматты" негізгі ерекшелігі – дәлдігі жоғары ядролық емес соққы жасау мүмкіндігі. "Сармат" үшін дайындалған "Авангард" гипердыбысты блогы 2019 жылдан бері стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерінің Домбаров зымыран дивизиясында әскери кезекшілікте тұр.
КБЗ шахталары позициялық ауданбойынша жаппай ядролық соққы жасауға есептелген. Ресейдің қорғаныс министрлігі "Сармат" саны бойынша жоспармен әзірше бөліскен жоқ. CNBC телеарнасының хабарлауы бойынша, америкалық барлау қауымдастығы бұл зымырандардың саны 60-тан кем болмайтыны туралы болжам жасаған.
Америкалықтар "Сарматты" ядролық соғыс жүргізу құралдарын, яғни, америкалық барлық 450 дана Minuteman III зымыранын жою үшін әзірленген Ресейдегі ең қуатты стратегиялық қару-жарақтың бірі деп бағалап отыр.
"Стратегиялық шаабуылдау қару-жарағын ықсқарту жөніндегі келісімшарт бойынша Ресей Федерациясының стратегиялық ядрллық күштерінің шекті құрамы 700 іске қосу қондырғысы мен 1 550 әскери блокты құрап отыр", - деп жазды Хроленко.
Ресейлік әскери шолушы Александра Хроленконың Telegram арнасы