Ресей Қазақстанға Байқоңырда пайдаланылмайтын мүлікті меншікке береді

Бұл туралы бұйрық Ресей Федерациясының құқықтық интернет-порталында жарияланды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Ресей Қазақстанға Байқоңырда пайдаланылмайтын мүлікті тапсыруды бастады. Алғашқы болып 90 жылдары жиналып, сол күйі орбитаға жөнелтілмеген Экран-М спутнигі мен оның қосалқы құрылғылары беріледі.
Бұл туралы бұйрық Ресей Федерациясының құқықтық интернет-порталында жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.
"Роскосмос мемлекеттік ғарыш корпорациясының федералдық меншіктегі жылжымалы мүлікті Қазақстан Республикасының меншігіне беру туралы ұсынысы тәртіпке сай іске асырылсын", - делінген қаулыда.