НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір - Sputnik. "Қазақстан халқы" қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдерді аударуды жалғастыруда, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
"Қазақстан халқына" қорына қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтардың нақтыланған тізімі келіп түскен.
"Қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне қор ақшалай төлемдер жіберді, олардың жазатайым құрбан екенін мәртебесін құзырлы орган растады. Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай төлемдер жіберілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған", - делінген ақпаратта.
Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді. Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн теңгені құрады.
Қор мәліметінше, қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.
Естеріңізге сала кетейік, қамқоршылық кеңестің шешімімен қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған барлық қаза тапқан азаматтардың отбасыларына құзырлы органдардан тізімдері нақтыланғаннан кейін төленетін болады.