Оқиға

Маңғыстау облысында 4 жасар бала нәрестені теуіп, бас сүйегін майыстырды

Сәбиге шұғыл ота жасалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында алты айлық баланың бас сүйегіне трепанация жасалды.
"20 сәуір сағат 19:35-те балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне шұғыл түрде "жабық бас сүйек - ми жарақаты, париетальды сүйектің сынуы, ми контузиясы" диагнозымен алты айлық бала жеткізілді", - делінген хабарламада.
Ата-анасы баланың төрт жасар ағасы абайсызда басынан тепкенін айтты, деп жазады блогер Азамат Сәрсенбаев.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында алты айлық баланың бас сүйегіне трепанация жасалды
Балаға шұғыл түрде операция жасалды. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов бас сүйегінің трепанациясын сәтті өткізген.
Ол майысқан сүйек сынығын көтерген, баланың жағдайы тұрақтанды.
Қазір бала травматология бөлімшесінде орташа ауыр халде жатыр.
Өңірлер
Шымкентте студент қыздар көшеден жаңа туған нәрестені тауып алды