Imanbek америкалық әншімен бірге жаңа клип шығарды

Жуырда Imanbek АҚШ, Бразилия және Еуропа қалаларын қамтитын Rahmet world tour әлемдік турын жариялады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Қазақстандық саунд-продюсер және диджей Imanbek (Иманбек Зекенов) америкалық әнші және музыкант Салем Илеземен жаңа клип түсірді.
Ол әлеуметтік желілерде Married to Your Melody видеосын осы жұмадан бастап көруге болатынын жазды.
Ол тректі сәуір айының басында шығарды.
"Мен күткен шығарылым желіде. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін!"- деп жазды Иманбек.
Жуырда Imanbek АҚШ, Бразилия және Еуропа қалаларын қамтитын Rahmet world tour әлемдік турын жариялады. Турне 2022 жылдың 25 қыркүйегінде Берлинде аяқталады.
Қоғам
"Ол арсыздықтың шегі": Иманбек өзінің құрметіне ескерткіш орнатуға қатысты пікір білдірді