НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде алты ірі кәріз-сорғы станциясында күкіртсіздендіру катализаторы қолданылады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ақтөбедегі ауа негізінен күкіртсутекпен ластанғанын мәлімдеді. Күкіртсутегі шығарындыларының жақын орналасқан кәріз-сорғы станциялары, кәріз құдықтары мен ағызу станцияларынан шыққан.
"Сондықтан 1 мамырдан бастап Ақтөбе қаласының алты ірі кәріз-сорғы станциясында "Ивказ" күкіртсіздендіру катализаторлары қолданылады. Технология кәріз желілерінен күкіртсутектің бөлінуін тиімді басады",- деді Экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл сәуірде Ақтөбеде атмосфералық ауаның күкіртсутегімен жоғары ластануының сегіз жағдайы тіркелді. №6 автоматты бекет Жанқожа батыр көшесі, 89 мекенжайы бойынша үш жағдайды анықталды. Шекті рұқсат етілген концентрация 13,5-ке артқан.
№2 автоматты бекеті Рысқұлов көшесі, 4г мекенжайы бойынша бес жағдайды анықтады. Шекті көрсеткіш 14-ке асып кеткен.. Басқа ластаушы заттар бойынша көрсеткіштің артуы анықталған жоқ.
Сондай-ақ, қаладағы тұнба алаңдарды иіс пайда болдырмайтын микробиологиялық препаратпен өңдеу жалғасады.