НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Алматы облысында 55 жастағы әйелді қағып өткен көлік көше камераларына түсіп қалды.
Полиция ақпаратынша, зардап шеккен әйел ауруханада жатыр. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
Камераға түсіп қалған жол көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды.
Оқиға 20 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Lada-21705 көлігі 55 жастағы әйелді қағып кеткен. Оның рөлінде 25 жастағы ер адам отырды.
Кадрдан көлік жол бойында келе жатқан әйелді қағып өткені көрінеді. Соққы салдарынан әйел бірнеше метр жерге ұшып кеткен.
"Жол апатынан зардап шеккен әйел Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.