НҰР-СҰЛТАН, 21 cәуір – Sputnik. "Кезби" ЖШС жұмысшылары басшылық уәде еткен жалақы мәселесінің шешілмеуіне байланысты бейбіт митинг өткізді.
Жұмысшылар жұмыс уақытын есептеу табелінде 11 сағат көрсетілгенін, ал іс жүзінде 12 сағат жұмыс істейтіндеріне де шағымданды, деп хабарлады жергілікті "Лада" басылымы.
Мұнайшылардың айтуынша, компания олармен ұжымдық келісімшарт та жасасапайды.
"Басшылық берген уәдесін орындамады. Күтуімізді, шыдай тұруымызды сұрайды. Барлық қиын жұмысты біз істеп жатырмыз. Алайда жалақымыз "Өзенмұнайгаз" АҚ қызмектерлерінен төмен. Соған қарамастан біз сол көлемдегі жұмысты атқарамыз. Сондықтан жалақымызға 30 процент қосылуын талап етеміз", - дейді митингке қатысушылар.
Мұнайшылардың айтуынша, "Қазмұнайгаз" ҰҚ бұрынғы басшысы Алик Айдарбаевпен олармен кездескен. Ол мұнайшылардың мұңына құлақ түріп, шешуге уәде берген. Алайда әлі күнге дейін мәселе шешілмеді.