Тоқаев Қазақстанның Таиландтағы елшісін ауыстырды

Таиланд Корольдігіндегі елдің төтенше және өкілетті елшісі қызметін енді Арман Исетов атқарады
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің сыртқы саясатында ауыс-түйіс жасады, деп хабарлады Ақорда.
Президент жарлығына сәйкес, Раушан Есболатова Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшісі қызметінен, елдің Мьянма Одағы Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Оның орнына Таиланд Корольдігіндегі елдің төтенше және өкілетті елшісі қызметін енді Арман Исетов атқарады.
Айта кетері, бұған дейін Тоқаев Қазақстанның Қытай және Моңғолиядағы елшісін тағайындады.
Шахрат Нұрышев Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, Қытайдағы елші қызметіне кірісті.
Моңғолиядағы елші қызметін Ғабит Қойшыбаев атқаратын болды.