Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын, Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
Қызмет Қазақстан Республикасы президентінің, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қауіпсіздік іс-шараларын атқарады.