Экономика

Қазақстанда жыл басынан бері ондаған мың жалған доллар тәркіленді

Жыл басталғалы жалған ақша жасау бойынша 12 дерек анықталды, оның басым бөлігі елордада тіркелді
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру департаменті жыл басталғалы жалған ақша жасаудың 12 дерегін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.
"7 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Батыс Қазақстанда 2 және Маңғыстау облысында 2 жағдай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір фактіден тіркелді. Қабылданған шара барысында жалпы сомасы 67 мың АҚШ доллары болатын 1 200 данадан астам жалған ақша купюралары табылды", - делінген ақпаратта.
Нұр-Сұлтанда жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқандар ұсталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллар, номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын 1114 жалған банкнот тәркіленді. Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді.
Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды. Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды абай болуға және валютаны тек екінші деңгейлі банктер мен ресми айырбастау пунктерінде айырбастауға кеңес берді.
Түркістан облысында жалған доллар сатқан ер адам ұсталды