НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. 25 сәуір күні сағат 14:30-да Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "#большечем30: правда и вымысел" атты дөңгелек үстел өтеді.
Іс-шара Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орайластырылған "#большечем30" халықаралық тарихи-танымдық жобасы аясында өтеді.
Дөңгелек үстелді Қазақстан білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі және Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырып отыр.
Екі елдің белгілі тарихшылары, сарапшылар, блогерлер, қоғам қайраткерлері Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы тарихындағы ең маңызды белестер мен оқиғаларды, стратегиялық одақтастықтың қалыптасуына әсер ететін үдерістерді, сондай-ақ екіжақты әріптестіктің одан әрі болашағын талқылайды.
Сондай-ақ "Несломленный народ: от общей победы к общей исторической памяти" кітабының тұсаукесері өтеді.
Қазақстаннан қатысушылар:
АЯҒАН Бүркітбай Ғелманұлы, тарих ғылымдарының докторы, білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары
ДУЛАМБАЕВА Раушан Тілегенқызы, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының профессоры
ЖИЕНБАЕВ Мирас Бақытханұлы, "Экономика жоғары мектебі" ҰЗУ кешенді еуропалық және халықаралық зерттеулер орталығының шақырылған зерттеушісі
МАРМОНТОВА Таисия Викторовна, Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры
ТӘЖІБАЕВ Әлібек Тимитайұлы, "Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығының директоры
ТӨЛЕГЕНОВ Мұрат Төлегенұлы, қоғам қайраткері
ӨТЕКОВА Зару Дулатқызы, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті саясаттану факультетінің аспиранты
Ресейден қатысушылар:
КОРОПЧЕНКО Алексей Анатольевич, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің директоры
ВОРОБЬЕВ Константин Павлович, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі
МОГИЛЕВСКИЙ Константин Ильич, Ресей тарих қоғамы басқармасының төрағасы, "История Отечества" қорының атқарушы директоры
СҮЛЕЙМАНОВ Артур Рамилевич, "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығының этносаясат және конфликтологияны зерттеу секторының басшысы (Уфа қаласы)
ЛАПЕНКО Марина Владимировна, "Евразия-Поволжье ақпараттық-талдау орталығы" коммерциялық емес серіктестігінің директоры (Саратов қаласы)
АМЕЛИН Веналий Владимирович, "Еуразия халықтары достастығы" АҚ басқарма төрағасы, Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Орал тарихы және этнографиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор, тарих ғылымдарының докторы (Орынбор қаласы)
ЧИЖОВА Дарья Юрьевна, Мәскеу мемлекеттік университеті ақпараттық-талдау орталығының басшысы (Мәскеу қаласы)
ПАСТУХОВА Лариса Сергеевна, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің проректоры, Ресей білім академиясының корреспондент-мүшесі, "Моя страна – моя Россия" бүкілресейлік байқауының ғылыми жетекшісі (Мәскеу қаласы)
СИТДИКОВ Айрат Габитович, Қазан федералды университетінің Халықаралық қатынастар институты Тарих ғылымдары және дүниежүзілік мәдени мұра жоғары мектебінің деканы (Қазан қаласы)
ХАЙРУТДИНОВ Рамиль Равилович, Қазан федералды университеті Халықаралық қатынастар институтының директоры (Қазан қаласы)
Іс-шараға аккредитация a.nurgazinova@sputniknews.com поштасы немесе +7 747 220 74 01 (WhatsApp) нөмірі арқылы қабылданады.
Дөңгелек үстелден тікелей эфир 25 сәуір күні сағат 14:30-да Sputnik.kz сайтында көрсетіледі.