Білім

Қазақстан мектептерінде Жеңіс күніне арналған жиын өтпейді

Министрлік хабарлауынша, әскери киім мен керек-жарақтарды қолданудың, театрландырылған көріністерді қоюдың қажеті жоқ
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстан мектептерінде 7 және 9 мамырға орай линейка өткізу жоспарланбаған, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
"Мектептерде 7 және 9 мамырда атап өтілетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. 9 мамырға арналған мектеп линейкалары жоспарланып отырған жоқ", - делінген хабарламада.
Министрлік хабарлауынша, әскери киім мен керек-жарақтарды қолданудың, театрландырылған көріністерді қоюдың қажеті жоқ. Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді.